Ауыл шаруашылығын дамыту, табиғи байлықтарды пайдалану мен елдімекендердегі алқаптарды тиімді игеру. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде өткен жиында осы мәселелер талқыланды. Сенат комитетінің көшпелі отырысына, депутаттар мен жауапты министр қатысты. Жиында агроөнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлікті дамыту мен ұжымдастыру тақырыбы да талқыға түсті. Ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жаңашылдықтар болады. Атап айтқанда, субсидиялау жүйесі реформаланады. Агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартуды ынталандыру да назарда болмақ. Жаңа жүйені енгізу 2023 жылдың қаңтар айында деп жоспарланған.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бүгін енді жақсы талқылаулар болды. Проблемалар көтерілді. Шешу барысын да талқыладық. Орташа шешімге келе алмадық. Проблемаларды білеміз. Жүйелі түрде шешуге тырысамыз. Жұмыс өте қызықты, нәтижелі болды деп санаймын.