Елордада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы қарсаңында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабы жарық көрді. Одан бөлек «Түркістан – түркі елі энциклопедиясы» және «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары» еңбектерінің тұсауы кесілді. Туындыда ұлт ұстазының 50 жасқа толған мерейтойында жасалған тарихи баяндамалар мен зерттеушілердің мазмұнды мақалалары топтастырылған. Еңбек қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері –түркі әлеміндегі бай мұраның жарқын үлгісі. Алқалы жиынға қатысқан Әзербайжан, Қырғызстан елдерінің ғылым және білім министрлері осындай баға берді. Жиында отандық және шетелдік алаштанушы ғалымдар баяндама жасап, Алаш қозғалысы қайраткерінің ғылыми еңбектеріне жан-жақты тоқталды
Дихан Хамзабек, Филология ғылымдарының докторы, профессор:
Біз Ахаңды ғалымдар, әдебиеттанушылар басқа ғылымдар пәндер арасындағы байланысты арттыруымыз керек. Екіншіден Ахмет Байтұрсынның тұлғасы түрік дүниесін біріктіретін тұлға. Ахаңның мұрасы арқылы біз жаңарған қазақстаннның мүмкіндігін білдіруіміз керек.
Раушан Сайлауқызы