Әлеуметтік желіде жаңалықтар сынды салмақты контент таратқан парақшаларға «Бұқаралық ақпарат коммуникациялары» деген арнайы атау берілуі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі айтты. Асқар Омаров БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты. Жиында еліміздегі белгілі редакторлар мен тілшілер пікір білдірді. Олар алдымен журналист мәртебесі айқындалып, құқығын қорғау қажет,-дейді. Сарапшылардың пікірінше, алдымен дипломы бар немесе басқа мамандықты бітіріп, журналист болып жүрген қызметкерлерді ажырату маңызды. Содан кейін ғана медиа өкілдерінің заңнамалық статусын анықтауға болады. Отырыста 5 жыл бір редакцияда қызмет еткен мамандарға ғана мәртебе беруге болады деген де ұсыныс айтылды.
Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Журналист деген кім? Журналистті біз қалай нақтылаймыз? Себебі қазір әлеуметтік жағдайды жасаймыз десек, кейбір әлеуметтік жағдайды жасайтын бағдарламаларға енгізсек, ертең журналист көбейіп кетеді. Редакцияға тіркеліп, өзіне куәлік алып...ондай жағдай да болуы мүмкін ғой.
Фариза Мұсақызы