Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілін қабылдады. Президент ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиге жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформалар туралы айтты.
Сондай-ақ, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен бюро арасындағы меморандумды қолдайтынын жеткізді. Ал Матео Мекаччи елдегі өзгерістерге оң көзқарас білдіріп, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.