Донбасста шайқас жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донбасста шайқас жалғасып жатыр

24.06.2022

Донбасста шайқас жалғасып жатыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, Ресей армиясы Лисичанск қаласына оңтүстіктен жақындап қалған. Сонымен қатар Северодонецк қаласын да толық алуға әрекет жасап жатыр. Бұл екі қала – Мәскеудің бақылауына өтпеген Луганск облысындағы соңғы территориялар.

Украина жауынгерлері қарсылықты жалғастырып жатыр. Дегенмен АҚШ-тың соғысты зерттеу институтының мәліметінше, алдағы бірнеше аптада Ресейдің Донбасстағы шабуылы тұралай бастайды.

Осындай шақта АҚШ Украинаға тағы 450 миллион доллардың көмегін жіберетінін жариялады. Бұл қауіпсіздік пакетіне алыс қашықтыққа арналған 4 зымыран жүйесі, 36 000 артиллериялық снаряд, жағалау катерлері мен зеңбіректер кіреді.


Хабарламаларға жазылу