Мұғалімдердің кешіктірілген еңбекақысы 30-шы маусымға дейін толық төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдердің кешіктірілген еңбекақысы 30-шы маусымға дейін толық төленеді

23.06.2022

Мұғалімдердің кешіктірілген еңбекақысы 30-шы маусымға дейін толық төленеді. Бүгін «Amanat» партиясы қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында осы мәселе қаралды. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары педагогтердің айлығы мен еңбек демалысы өтемақысын төлеу бойынша жұмыстарды бастап кетті. Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев «мәселенің туындауы ақшаның тапшылығына байланысты емес» дейді. Оның айтуынша, әкімдіктер жергілікті қаржыны бөлгенде жіті мән бермеген. Уақытша мәселе шұғыл түрде шешілмек.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:

Барлық жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржыны мұғалімдерге төлеу туралы уәделерін берді. Жуық арада барлық қарыздар жабылатын болды.Кешегі күні біздің аймақтармен сөйлескен кезімізде айлықтардың берілуі 82 пайыз болатын болса, дәл қазір маған ақпарат келіп т үсіп отыр, тиісті берешектердің толық төленуі 92 пайызды құрап отыр.

Еске сала кетейік, кеше Мәжіліс отырысында депутат Юлия Кучинская Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің атына сауал жолдап, мұғалімдердің айлығын кешіктермей төлеуді сұраған болатын. Оның айтуынша, жазғы еңбек дамлысына шыққан педагогтердің 30 млрд теңге көлемінде еңбекақысы төленбеген.


Хабарламаларға жазылу