ОҚО-да 22 жылқыны  жайылымда жүрген жерінен ұрлап әкеткен барымташылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да 22 жылқыны  жайылымда жүрген жерінен ұрлап әкеткен барымташылар ұсталды

31.03.2017

Бұл оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Отырар ауданында болған. Аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлеріне 36 жастағы жергілікті азамат малының қолды болғанын айтып, арызданады. Ұрланған малдың бағасы 6,5 миллион теңгеге бағаланған. Осы іс бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көп ұзамай екі азамат  күдікті ретінде қолға түсті.

Тергеу барысында олар кінәсын толық мойындады. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу