20-дан аса ірі компания жастарға арналған еңбек жәрмеңкесін өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20-дан аса ірі компания жастарға арналған еңбек жәрмеңкесін өткізеді

23.06.2022

20-дан аса ірі компания жастарға арналған еңбек жәрмеңкесін өткізеді. 27-29 маусым аралығында IT, өнеркәсіп, консалтинг, өндіріс және өзге салалар бойынша қызмет ұсынады. 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар Еnbek.kz порталы арқылы онлайн жәрмеңкеге қатыса алады. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат алған соң, қызметке тұруға ниет білдірсеңіз түйіндемені жіберу қажет. Жәрмеңке алаңында жұмыс берушілер бейнебайланысқа шығып, жұмыс шарты, әлеуметтік топтамасы, ашық бос жұмыс орындары туралы баяндайды. Әрі үміткерлермен тікелей эфирде сұхбат жүргізеді.

22 ірі компания жұмыс ұсынады

Жанболат Данияров, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары:

Бейне сұхбатқа қатысамын деген азаматтар түйіндемесіне тиісті белгіні қойып, 24 маусымға дейін бізге жолдауы қажет. Егер азаматтар қызығушылық білдірсе, ай сайын өткізуіміз мүмкін. Тек ғана жастар үшін емес, әлеуметтік осал топтар үшін де өткізетін шығармыз.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу