Үш жылда елге заңсыз импортталған тауарлар бюджетке 30 млрд теңге шығын келтірген. Кәсіпкерлер палатасы бұл есептің жылына 10%-ке өскенін айтады. Акциздік тауарларды таңбалау кезінде де заңсыз әрекет жиілеп кеткен. Бұдан бөлек, қауіпсіздік талаптарын ескермей тауар өндіретіндер бар. Құқық бұзушылар биыл сәуірге дейін 5 млрд теңгеге бағаланған контрабандалық тауарды елге тасымалдауды көздеген. Жалған құжат жасап, тауарын саудалайтын кәсіпкерлерді азайту үшін цифрлық таңбалау әдісі де жеңілдеген. Ал биыл Бас прокуратура кеденде тексерісті күшейтіп, заңсыз тауар айналымының жолын кесті. Контрафакті – экономикаға шығын, өндіріске шектеу, шағын және орта бизнеске тосқауыл.
Ақерке Бектас