Алматыда Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылып, мемлекеттік қызметтен босатылды. Сондай-ақ шаһар әкімдігінің хабарлауынша, оған 3 жылға дейін мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуіне тыйым салынды.
Еске салсақ, бұған дейін Лаура Мырзағалидың қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған шулы видеосы тараған еді. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігерге қатысты тексеру басталғанын айтқан. Қызметтік тексеріс қорытындысы теріс тәртіптік қылық және этикалық заң бұзу барын дәлелдеген.