Қарағандыда тұрғын үйдің ауласындағы 6 шаруашылық нысаны түгел жанып кетті. Ағаш қоршау мен қорадағы көмір күлге айналды.
Шаруашылық нысандарының төбесі түгелдей құлаған. Өрт бір сағаттан астам уақыттан соң толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталуда.