Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол «Қазақстан-Қытай шекарасында қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған» деген күдікке ілінді. Генерал-лейтенант Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры қызметін 2015 жылдан бері атқарып келді. Қазіргі лауазымы «Нұр жолы» жол полициясы басқармасының Алматы облысы бойынша шекаралық бақылау басқармасының бастығы болатын. Дархан Ділмановтан бөлек, полиция майоры Н.Арысбаев және осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа да қызметкерлер қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етілмейді.
2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.