Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды

22.06.2022

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды. Бұл алаңда қоғам өкілдері заң жобаларын қарап, қоғамдық сараптама жасау арқылы елдегі өзекті мәселелерге тәуелсіз, обьективті пайымын айтады. Палата мүшелері заңдардың ерекшелігі мен бағытына қарай өзгеріп тұрады. Басым көпшілігі депутаттар емес, қоғам белсенділері болады. Талқылауларға оппозиция мен үкіметтік емес ұйым өкілдері де шақырылмақ. Қоғамдық палатаның алғашқы құрамы келесі аптада айтылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, бізге айтылып жүрген сын көп. Шынымызды айтайық, «заң шығарушылар халықтан алшақтап кеткен» деген түсінік бар. Яғни, халық бір жақта, қоғам бір жақта, заң бір жақта жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Сондықтан Қоғамдық палатаның басты мақсаты – неғұрлым өзекті, резонансты мәселелерді бірінші оқылымға дейін қоғамның талап-тілегі тұрғысынан қарастыру, басты ерекшелік осы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу