Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты да қабылдады. Әкім жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру сияқты өзекті мәселелер туралы айтты. Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру бойынша мәселелерді жүйелі түрде шешу жайын тапсырды.