Президент Дәулет Тұрлыхановты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

22.06.2022

Мемлекет басшысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты да қабылдады. Кездесу барысында кәсіби спортты дамыту, дене шынықтыру және спорт саласын өркендету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар туралы айтылды. Балуандардың 2024 жылы өтетін Жазғы олимпиада ойындарына дайындығы да сөз болды. Мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін дамытуды күшейту қажеттігін айтты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу