Ауғанстанда қуаты 6 балдан асатын зілзаладан қаза тапқандардың саны 920-ға жетті. 600-дей адам жараланған. Құрбандардың көбі – Пактика провинциясының тұрғындары. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін.
«Талибан» өкілдерінің мәліметінше, жүздеген үй қираған. Апат болған аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу, тұрғындарға дәрі-дәрмек пен азық-түлік тасу үшін тікұшақтар тартылды.
Зілзала ошағы елдің оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырым қашықтықта, 51 шақырым тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі таңертең адамдар ұйықтап жатқан кезде болды. Дүмпуді Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістан тұрғындары сезген.