Ғылыми кітапхананың мәртебесін көтеру керек – депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылыми кітапхананың мәртебесін көтеру керек – депутат

22.06.2022

Қаныш Сәтбаев ашқан ғылыми кітапханаға дербестік беріп, қызметкерлерінің айлығын көтеру керек. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова Ғылым және жоғары білім министріне осылай деп сауал жолдады.

Қазақстандағы ең ірі кітаптар қоры сақталған мекеменің жағдайын айтты. Қазір кітапханада 6 миллиондай басылым бар. Олардың 1 миллионнан астамы шет тілдерінде. Араб, парсы, шағатай, қытай тілдеріндегі еңбектер көп. Ғалымдардың айтуынша, дәл мұндай бай кітап қоры бүкіл Орта Азияда жоқ.

Бүгінде ғылым комитетінің бір бөлімшесі саналатын кітіпханада 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Депутат кітапхананың мәртебесіне қатысты мәселені де қайта қарауды ұсынды. 

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бірінші, ғылыми кітапхана дербес мекеме болуы тиіс. Ғылым және жоғары білім министiрлiгi Ұлттық ғылым академиясы аясында Орталық ғылыми кітапхана мәртебесі қайта берілуі керек. Осыған сәйкес, қызметкерлердің жалақысын қайта қарастырып, халықаралық байланыстарды жиілендіру маңызды. Екінші, ғылыми кітапханада арнайы реставрация бөлімі және зертхана ашылуы тиіс.




Хабарламаларға жазылу