Алматы облысында тарихи ескерткіш саналатын 2319 археологиялық қорған бар. Тек бұл қорғандар санаққа ілінгенмен қорғауға алынбаған.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Еңбекшіқазақ ауданындағы бірнеше тарихи жәдігерге мемлекеттік қорғау тақтасын қою шарасы өтті.
Еңбекшіқазақ ауданы көне жәдігерлерге толы, тау мен тасы тарихқа куә болған аймақ. Аудан аумағында 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Тарихи жәдігерлерді шашау шығармай сақтау үшін Асы, Қаракемер, Түрген ауылы және Есік қаласындағы бірнеше қорғанға 8 тақта қойылды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ