Үндістанда 9,5 млн адам тасқынның ортасында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 9,5 млн адам тасқынның ортасында қалды

22.06.2022

Бангладештің басым бөлігі мен Үндістанның солтүстік-шығысында 9 жарым миллиондай адам алапат тасқынның ортасында қалды.

Олар азық-түлік пен ауызсу тапшылығынан зардап шегіп отыр.

Үндістанның Ассам және Мегалая штаттарына биыл жаңбыр өткен жылғыдан бір жарым еседей артық түскен. Құтқару операцияларына әскерилер мен полиция да тартылып жатыр. Ассам басшылығының мәліметінше, 4,7 миллиондай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болса, 330 мыңы уақытша шатырларға қоныстанған.

Айта кетсек, Оңтүстік Азияда табиғи апаттар жиілеп кетті. Экологтардың айтуынша, климаттың өзгеруінен келешекте бұл өңірде тасқындар мен дауылдар тіпті көбеюі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу