Оралда қоғамдық көліктерге сараланған тариф енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қоғамдық көліктерге сараланған тариф енгізіледі

22.06.2022

Оралда 1 шілдеден бастап қоғамдық көліктерге сараланған тариф енгізіледі.

Яғни жолаушылар жолақыны электронды түрде төлесе - 80 теңге, ал қолма-қол берсе - 150 теңге болмақ. Қалада 27 бағыттағы 260 қоғамдық көлікке бір жыл бұрын электронды төлем енгізілген. Алайда сараланған тарифті қолдану бірнеше рет шегеріліп келді. Бұл жүйе арқылы қоғамдық көліктегі жолаушылардың нақты саны мен санаты анықталады, субсидияға мұқтаж бағыттар белгілі болады. Депутаттар қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында автобустарда жаңа тарифті енгізуді қолдап, дауыс берді.

Асхат Құлбаев, қала әкімінің орынбасары:

Сараланған тариф бойынша егерде жолаушы электронды төлем жасаса, жолақы 80 теңге күйінде қалады. Төлем карта, QR код, блютуз арқылы қабылданады. Егерде қолма қол төлейтін болсаңыз, онда бағаү 150 теңгені құрамақ.


Хабарламаларға жазылу