Қостанайда үшем дүниеге келді. Анасы сәбилерді жасанды ұрықтандыру жолымен көтерген. Ерлі-зайыпты Лукиндер жеті жыл бойы бір перзентке зар болған. Сондықтан медицинаның жетістігіне жүгінгенін айтады. Бұл бағдарламаға мемлекеттен арнайы квота бөлінеді. Былтыр осындай жолмен, облыс бойынша 72 сәби жарық дүние есігін ашқан.
Айта кетейік, соңғы 20 жылда Қостанай өңірінде бесінші рет үшем өмірге келіп отыр. Нәрестелердің екеуі - қыз, біреуі - ер бала. Оларды перзентханадан шығару рәсіміне қала әкімі де қатысты. Көпбалалы отбасына 1 жарым млн теңгенің сертификатын тарту етті.
Игорь Лукин, үшемнің әкесі:
УЗИ-ға келгенімізде маған «Сіз енді көпбалалы әкесіз» деді. Сөйтіп үшем екенін білдік. Олардың аман есен дүниеге келуі зор қуаныш. Енді менің ұлым да, қыздарым да бар. Шексіз бақыттымын.