Елімізде биыл 81 адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның 32-сі – бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі айтты.
1 маусымнан бастап шомылу кезеңі басталған 20 күннің ішінде 36 адам суға батып кеткен. Оның 19-ы – бала.
Басты себеп – жабдықталмаған жерде суға түсу мен балаларды қараусыз қалдыру. Отыздан астам адам "суға абайсыз құлап" көз жұмса, жиырмасы мас күйінде және балық аулап жүріп қаза тапқан.
Арнайы рейд кезінде осы уақытқа дейін 537 әкімшілік заң бұзушылық тіркеліп, 50 адам құтқарылған.
Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтамағандарға жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын ескертті.