Теңізшілердің шетелдік дипломдары жарамды деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңізшілердің шетелдік дипломдары жарамды деп танылды

21.06.2022

Ақтауда 150 ден астам теңізші кәсіби диплом алды. Сондай-ақ шетелдік дипломмен қызмет етіп жүрген 570 ке жуық маманның құжаты елімізде жарамды деп танылды.

Теңіз порттарының әкімшілігі кәсіби диплом беріп, шетелдік құжаттарды растауды былтырдан бастап қолға алды. Диплом арнайы комиссияның шешімімен беріледі. Ал комиссияның құрамына теңіз әкімшілігінің қызметкерлері, кеме қатынасы кәсіпорындарының мамандары, жоғары оқу орындарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген.

Айта кетейік, Қазақстан халықаралық теңіз ұйымының ақ тізімінде. Сондықтан бұл кәсіби дипломдармен теңізшілер шет мемлекеттерде де жұмыс істей алады.

Сәндібек Көбегенұлы, теңізші:

Әр түрлі лауазымға көтерілу үшін, керек болған кәсіби дипломымызды шет елдерден алып келген болатынбыз. Бүгін диплом осы ҚР порты теңіз әкімшілігінен диплом алып кетуге келіп тұрмын. Осы жерге келіп емтихан тапсырып қорғадым. 

Нұрбол Ерманов, ҚР теңіз порттары әкімшілігінің басшысы:

Теңізшілерді дипломдау ҚР дипломдау қағидасына сәйкес ҚР порттары теңіз әкімшілігі басшысының бұйрығымен бекітілген комиссия ережесінде комиссиялармен әңгімелесу арқылы тәртіптермен реттелген. Қазір бөзіміздің кәсіби дипломымызға азаматтардан сұраныс көп.


Хабарламаларға жазылу