Елорда іргесіндегі өртті сөндіругі тікұшақ тартылды. Кешеден бері Талдыкөл маңындағы өрт салдарынан қаланы түтін басты. Қазір өрт сөндіру техникаларынан бөлек, авиация тілсіз жаумен күресіп жатыр.
"Шығысы жаман қамысты су ішінде өрт шалар" деген осы. Өртеніп жатқан – құрғақ шөп пен қамыс. Сулы батпақты жер болғаннан кейін оны ауыздықтау оңай болмады. Кеше күндіз басталған тілсіз жау ырық бермей, бүгін тікұшақ жұмылдырылды. Ол көктен су шашып жүр.
Елорданың іргесі, қала көрініп тұр. Өрттің шарпыған аумағы – 6,5 гектар. 100-ден астам техника мен өрт сөндірушілер екі күн арпалысқанымен, дала өртін сөндіре алмады.
Назарәлі Селімов, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы:
Тікұшықсыз өртті сөндіру мүмкін болмады. Неге десең, жол жоқ. Таңертең келгеннен бастап 15 рет су түсіру жұмыстары жүргізілді. Бір рет түсіргенде, 3 тонна су түсіріледі. Барлығы 40-45 тоннадай су түсірілді. Өрттің себебін нақты айта алмаймыз, анықталып жатыр.
Бастысы жасыл белдеуге қауіп жоқ. Құрылыс нысандары да аман. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.