Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар шетел азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы бар шетел азаматы ұсталды

21.06.2022

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысы болуы мүмкін күдікті нигериялық азамат ұсталды. Халықаралық іздеу жарияланған Адиндо Нонсо Фортуне Джонни шетелде қолға түскен. Бұл туралы Ақжарқынның адвокаты Сұңкар Нұрмағамбетов айтты.

Нигериялық азаматқа 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға баруын ұйымдастырды деген айып тағылып, 2015 жылы қылмыстық іс қозғалған. Толыққанды ақпарат алу үшін ішкі істер министрлігіне Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты сұрау жіберген.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оған есірткі контрабандасымен айналысты деген айып тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.


Хабарламаларға жазылу