Алты айда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1200 іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді. Бұл туралы президент қабылдауында болған Олжас Бектенов айтты. Агенттік төрағасы мемлекет басшысына елден заңсыз шығарылған қаржы активтерін қайтару туралы да баяндады. Қазақстан Еуропаның қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясына қосылды. Бұл көлеңкелі табысты ашуда тиімді болмақ. Бұдан бөлек, агенттік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шенеуніктердің бизнеске заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірледі.