1000-нан астам алматылық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1000-нан астам алматылық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін

20.06.2022

1000-нан астам алматылық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Олар 2,2 млрд теңге салық төлемеген.

Жекелеп алғанда араларында 800 мың теңгеге дейін қарыз арқалағандар бар. Бұл деректер «Салықтық берешексіз қала» акциясы аясында жүргізілген тексерістер нәтижесінде мәлім болды. Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының сөзінше, тескерілген транспорттың басым бөлігі – қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер.

Қуаныш Түменбаев, Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының төрағасы:

Сот орындаушыларымен бірге қозғалтқыш көлем үлкен сәйкесінше салықтық берешегі үлкен азаматтар бойынша құжаттар сот орындаушыларына жолданып жатыр. Сот орындаушылары осы құжаттар негізінде көлік құралдарын басқару құқығынан уақытша айырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу