Батыс Қазақстан облысында ана мен бала өлімі артқан. Аймақ басшысы Ғали Есқалиев осындай мәліметпен бөлісті.
Өңірде жыл басталғалы 48 шақалақ шетінеп кеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше пайызға жоғары. Көбіне, нәрестелердің өлімі: туа біткен дертіне байланысты, дейді.
Осы мәселе бойынша қазір Денсаулық сақтау министрілігі зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, медицина мамандарынан қателік кетсе, жазасыз қалмайтынын айтады. Қала берді қайғылы жағдайлардың артуына облыстағы ауруханаларда медициналық құрылғыларың жетіспеушілігі де әсерін тигізеді деді.