«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған автокеруен Жамбыл облысына жетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қызметкерлерінен жасақталған топ мүшелері өңірдегі Қарахан баба кесенесі, Тектұрмас ескерткіші және Айша бибі мавзолейін аралады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарихшылар, студенттер және музей қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, аймақтарда орналасқан музейлердің бүгінгі проблемалары айтылып, оны шешу жолдары қарастырылды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ