Шара «Театрдың анасы», «Қазақ өнерінің ақ желкені» атанған Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Қазақ әйелдерінің галереясын сомдап, түрлі жанрда жарқырап көрінген талант иесінің құрметіне арналған фестивальге республиканың 9 театры қатысуда.
Төрт күнге созылатын шара барысында өнерсүйер қауым «Асауға тұсау» комедиясын, «Бақ іздеген бейбақтар», «Ана-Жер Ана» тағы да басқа классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын тамашалайды.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ