Алматыда Анталияға бағыт алған рейстің 200-ден аса жолаушысы ұша алмай, әуежайда бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр болған.
Оған себеп – Air Astana әуе компаниясы ұшағының кешігуі. Рейс таңғы сағат 9.40-та орындалуы тиіс болған. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілген. Ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында осындай әрекетке баруға мәжбүрміз деді олар. Ұшақ 7 жарым сағаттай кешігіп ұшқан.
Тілек Әбдірақымов, «AIR ASTANA» әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:
Ұшақ фюзеляжына бұған дейінгі рейстер орындау кезінде зақым келген. Зақымды бағалау және жою жұмыстары жүргізілді. Рейс таңғы 9.40-та аттануы тиіс еді. Оған 209 жолаушы тіркелген.