Ресей армиясы соңғы екі күнде Изюм қаласына шабуылды бастаған.
Мұны Британия барлаушылары мәлімдеп отыр. Осы арқылы Северодонецкіні толықтай қоршап алуды көздейді. Ал Украина күштері оларға солтүстік-батыстан тойтарыс беріп жатыр.
Тағы бір мәлімет. Ұлыбритания премьер-министрі Киевке екінші рет сапарлады. Борис Джонсон төрт ай сайын 10 мыңдай украиналық сарбазды жаттықтыру бағдарламасын ұсынды. Ал Президент Владимир Зеленский «Украинаның Еуроодаққа қосылуына бір қадам ғана қалғанын» айтты. Еуропа Кеңесінің бұл мәселеге қатысты шешімі келесі аптада шығатынын мәлімдеді.
Еске салайық, Еурокомиссия жұма күні Украина мен оған көршілес Молдованы блокқа мүше болуға кандидат ретінде тануды ұсынған еді.