Автонесие: Көлік алуға 75 млрд теңгенің өтінімі мақұлданған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автонесие: Көлік алуға 75 млрд теңгенің өтінімі мақұлданған

17.06.2022

Еліміздегі банктер жеңілдетілген пайызбен несиеге көлік беру бағдарламасы аясында 75 миллиард теңгенің өтінімін мақұлдады. Соған қарамастан жаңа автокөлік алуға ниетті азаматтар бағдарламаның баяу жүріп жатқанына наразы. Индустия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бастапқы кезеңде 20-30 мың өтініш түскенін және олар қабылданғанын айтты. Жалпы мемлекет тарапынан бұл жобаға 100 миллиард теңге қаралған. Сондықтан, несиелендіру процесі әлі де жалғасады. Қазіргі таңда 10 мыңдай көлік рәсімделген. Министр бұл бағдарлама бір жылмен тоқтап қалмайтынын айтты.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу