Аргентина халқы үкіметке қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина халқы үкіметке қарсы шеруге шықты

17.06.2022

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты.

Акция 12 сағат бойы өтті. Осылайша тұрғындар қымбатшылыққа қарсылық білдіріп жатыр. Мұнда инфляция деңгейі 60 пайыздан асты.

Қымбатшылық әлі де жалғасып, 70 процентке жетуі мүмкін. Шеруге шыққан халық әлеуметтік бағдарламаларды, мемлекеттік қолдау мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.     

Хабарламаларға жазылу