Пәтер иелері кооперативінің жұмысы тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін.
Сенат меншік иелерінің бірлестігіне көшу мерзімін келесі жылға қалдыруды ұсынды. Екінші оқылымда қаралған тиісті заң жобасы Мәжіліске кері қайтарылды. Талқылау барысында құжатқа бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Оның ішінде жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның қызметі мен құзыреті бойынша нормаларды нақтылау жайы көтерілген.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына көшу мерзімін 2023 жылғы шілдеге дейін ұзарту да қаралған.