АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді

16.06.2022

АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді. Бұл – 1994 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Қаржылық ұйым төрағасы Жером Пауэллдің мәлімдеуінше, несиені қымбаттату туралы шешім шарықтап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін қажет болып отыр. Қаржыгердің сөзінше, алдағы мақсат – инфляцияны 2 пайызға дейін түсіру. Айта кетсек, мамырда Құрама Штаттарда инфляция деңгейі 8,6 пайызға дейін өсіп, соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке дейін көтерілген еді. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу