Елордада екі күн бойы Сирия мәселелері бойынша 18-ші халықаралық кездесулер өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі күн бойы Сирия мәселелері бойынша 18-ші халықаралық кездесулер өтті

16.06.2022

Елордада екі күн бойы Сирия мәселелері бойынша 18-ші халықаралық кездесулер өтті. Тараптар осыған дейін уағдаласқан келісімдерді жүзеге асыру мен гуманитарлық жағдайды нығайту жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, Сирия бойынша Конституциялық комиссияны құру жұмыстарын жандандыру мәселелеріне баса назар аударды. Басқосулар аясында Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме жасады. Иран, Ресей және Түркия өкілдері Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтай отырып, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын сақтау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, кепілгер елдер елдегі лаңкестік әрекеттің барлық түрін айыптап отыр. Астана процесінің 19-шы кездесуі биылғы жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтанда өтеді.

Әділ Тұрсынов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Астана форматындағы келіссөздер Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардың қысқаруына, бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық пен олардың арасындағы шығын деңгейінің төмндеуіне, босқындардың орлуына жағдай жасады. Бұл фактілерді халықаралық қоғамдастық мойындап отыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу