Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні

16.06.2022

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Атаулы күн қарсаңында қазақстандықтар дер кезінде қол ұшын созып, көмек көрсеткен ақ халаттыларға алғыстарын білдіріп жатыр. Біреуін өлім аузынан арашалап қалса, басқасын жан қысылғанда жылы сөзімен емдеуге қашанда әзір, дейді олар.

Наталья Набиулина, қала тұрғыны:

1 жыл бұрын ауыр халде болып, ауруханаға түскенім есімде. Ұзақ уақыт қандай диагноз екенін анықтай алмай, жарты жылдай тегін ем-дом қабылдап, мамандардың жіті қабылдауында болдым. Қиналған шағымда олар барын салып, мені құтқарып алды десем артық айтқаным емес. Секунд сайын қасымда жүріп, жағдайымды бақылауды ұстады. Оларға алғыстан басқа айтар сөзім жоқ. Аман болсын!

Лидия Янковская, зейнеткер:

Осыдан 13 жыл бұрын жүрегіме операция жасалды. Юрий Пя хирургтың аты әлі күнге дейін есімде. Алғысым зор. Қазір офтальмологқа қаралып жүрмін. Жалпы, барлық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне кәсіби мерекелері қарсаңында ақжарма тілегімді жеткізгім келеді. Қызметтеріңізге рахмет, табысты болыңыздар!

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу