Бурабайда судьялардың әдеп нормалары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда судьялардың әдеп нормалары талқыланды

16.06.2022

Бурабайда судьялардың әдеп нормаларын жетілдіру бойынша халықаралық семинар өтті. Оған отандық және шетелдік мамандар қатысты.

Елімізде сот жүйесін жетілдіру міндеті тұр. Заң үстемдігін қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте судьялардың кәсіби біліктілігі мен әдеп нормалары маңызды. Қоғамда, көпшілік орындарда өздерін лайықты ұстауы әрдайым назарда болмақ.

Қазақстанда 2700-ден астам судья бар. Олардың әрқайсысы тұтас сот жүйесінің бейнесі. Сондықтан талап қатаң болмақ. Шетелдік заңгерлер де судьяларға артылған жауапкершілікті жоғары екенін атап өтті. Сол себепті олар әр қадамына жауапты екенін жақсы түсіну керек. Семинарда көтерілген мәселелер өңірлік филиалдар арқылы барлық судьяларға жеткізіледі.

Сәкен Абдолла, ҚР Судьялар одағының төрағасы:
Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қараса және оны қараған кезде заң талабына сай келмей, өрескел заң бұзушылыққа жол беретін болса, онда бізде сот жюриі бар, соған материалдар жолданады да жауапкершілікке тартылады. Одан бөлек, этикалық, күнделікті өмірде, жұмыстан тыс уақытта, үйде сай болмаса, этика комиссиялары қарайды.



Хабарламаларға жазылу