Алматыда XVII «Қазақстан-2022» қала құрылысшылар одағының форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда XVII «Қазақстан-2022» қала құрылысшылар одағының форумы өтті

16.06.2022

Жер сілкінсе Алматыдағы бірнеше аудан жер астына кетуі мүмкін. Аталған аумақтағы қауіп-қатердің алдын алу қажет. Одан бөлек мегаполисте экология мәселесі де өзекті. Бұл түйінді тек транспорт қозғалысын реттеу арқылы шешуге болады.

Шаһарда кезекті XVII-ші «Қазақстан-2022» қала құрылысшылар одағының форумы өтіп жатыр. Жиында еліміздің ірі қалаларындағы урбандану процесі, жаңа технологиялар мен құрылыс материалдары, әсіресе аталған салаға қажетті білікті мамандар даярлау бағыттары жан-жақты талқыланды.

Любовь Нысанбаева, Қазақстанның қала құрылысшылары одағының президенті:
Бізде кадр тапшы. Білікті мамандар даярлау – ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан техникалық білім беретін оқу орындарының жұмысын жандандыру керек. Бүгін осы сұрақтарды көтеріп отырмыз.

Отырыста Шымкент, Ақтөбе сынды басқа да ірі қалалардың құрылыс жоспарлары қаралды. Ал Алматыда биік ғимараттарды салуды тоқтату керек. Оның орнына қаланың жоғарғы бөлігін абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізген жөн, дейді құрылысшылар.

Сайран Фазылов, сәулетші:
Көгалдандырып, аумағын алдыға жылжытып, дұрыстау керек. Алматы қаласының экологиясы лас. Бұған қатысты сұрақ өте көп. Одан бөлек, бұл қалада «линия разлома» деген бар. Ертең жер сілкінсе, халықтың обалына қаламыз. 

Хабарламаларға жазылу