Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дала зиянкестеріне қарсы күрес жүріп жатыр. Бұл өңірде ел аумағындағы шегірткенің 30 пайыздайы шоғырланған. Яғни, зиянкестен қауіп көп.
Химиялық өңдеу жұмыстарына еліміздің басқа өңірлерінің мамандары да арнайы келді. Қажетті техника өткен жылдардағыдан еселеп артқан. Сондай-ақ қуаты жоғары газгенераторлар алынды. Барлығы 211 мың гектар аумаққа өңдеу жүргізіледі.
Дала зиянкестерімен күрес барысында олардың даму кезеңдері де ескеріледі. Жұмыстар жақын күндері аяқталуы тиіс. Қаржы республикалық бюджеттен бөлініп отыр.
Алмабек Марс, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Ауданның өндеу жұмыстарына қатты көңіл бөліп отырмыз. Шөп өсіп жатыр, егістің жағдайы жақсы. Жергілікті атқарушы орган қаражат бөліп, шаруаларға көмектесіп жатыр.