Ақтөбеде тұрғындарды қорқытып, ақша талап еткен қылмыстық топ мүшелері қолға түсті.
Полиция бөліміне екі адам арызданған. Олар әлдекімдер өздерін бопсалап, 1 миллион жеті жүз мың теңгесін тартып алғанын айтқан. Мұнымен тоқтамай біраз уақыттан соң тағы бір жарым миллион қаражат талап еткен.
Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, 400 мың теңге алып жатқан жерінен екі күдіктіні ұстады. Айғақ зат ретінде ақша да табылды.
Айта кетейік, бұған дейін 32 жастағы азаматты қорқытып, бір миллион теңгесін тартып алған тұрғын ұсталған еді. Ол алдымен миллион теңге алып, кейін тағы бір жарым миллион талап еткен. Күдікті 450 мың теңге алып жатқан жерінде қолға түсті. Оның бұрын істі болғаны анықталды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.