Қаңтарда болған Алматыдағы бүлікке қатысты деген күдікпен үш адам Шымкентте ұсталды.
Екеуі сол тұста Алматыда пәтер жалдап тұрса, үшінші азамат достарына қонаққа барады. Олар жаппай тәртіпсіздік басталған кезеңді пайдаланып, өздері тұратын үйдің астындағы қару-жарақ дүкенін тонаған. Қолына іліккеннің бәрін алып, Шымкентке қашып кеткен. Осы кезге дейін екі қару мен 70 оқ-дәріні сатып үлгеріпті. Ал тирге арналған мылтықты біреуі өзінде қалдырады.
Қазір олардың үстінен қаруды жымқыру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр.