Жетісу облысында нөсер жауын салдарынан өзен арнасынан асып, жаңадан салынып жатқан жолдың екі көпірін су шайып кетті.
Өзен суы екі құбыр тәрізді көпірді шайып, жол бойында орналасқан төрт үйдің ауласына кірген. Зардап шекккендер жоқ.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері тасқын салдарын жоюға кірісті. Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметінше, айналма жол ашылып, қозғалыс қалпына келтірілді.