Мемлекеттік қызметкердің болмысы қандай болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкердің болмысы қандай болуы керек?

16.06.2022

Мемлекеттік қызметкерлер елге адал қызмет етуі тиіс. Әділдік пен ашықтық қасиеті де оларға тән болуы қажет. Қазақ тілін жетік біліп, кез-келген ақпаратты халыққа жатық тілде түсіндіргені жөн. Бүгін Мемлекеттік қызметшілердің болмысы қандай болу керек деген сауал сарапшылардың талқысынан өтті.

Жиынға мәжіліс депутаттары, журналистер, білім саласының өкілдері қатысты. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының айтуынша, бұл күн тәртібіндегі түйткілді сұрақ. Сондықтан келелі ойлар ортаға салынып, кеңесе отырып шешілуі тиіс.

Қатысушылар сала мамандары қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тиіс деген пікір айтты. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру мәселесіне де тоқталды. Жалақыны арттырып, жастарды көбірек тарту қажет. Кей ауылды жерлерде халық саны көп, мемлекеттік қызметкер аз. Жұмыстың сапалы болуы үшін ондай аймақтарда қызметкер санын көбейткен жөн.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекеттік қызметші халық алдында жауапты адам болуы керек. Адал адам болуы керек. Жұмысы өнімді, нәтижелі және жауапкершілікпен атқарылуы керек деп есептеймін.


Хабарламаларға жазылу