Қазақстан темір жолы нарықтағы монополиялық жағдайын теріс пайдаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан темір жолы нарықтағы монополиялық жағдайын теріс пайдаланған

16.06.2022

Қазақстан темір жолы нарықтағы монополиялық жағдайын теріс пайдаланған.

Жыл басынан бері Бас көлік прокуратурасы нормативтік актілердің күшін жою арқылы 9 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Органның мәліметінше, ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар транзиттік төмендетілген коэффициентті бірінші тасымал кезінен бастап қолданған. Ал басқа тасымалдаушылар мұндай жеңілдіктерді жүкті толығымен жеткізіп бергеннен кейін, жыл соңында пайдаланып отырған.

Заңбұзушылық Транзиттік жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы жойылды.


Хабарламаларға жазылу