Ақордада мемлекет басшысы 5 бірдей елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада мемлекет басшысы 5 бірдей елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

15.06.2022

Елдестірмек елшіден. Бүгін Ақордада мемлекет басшысы 5 бірдей елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Вьетнам, Португалия, Армения және Жаңа Зеландияның өкілдері Президентке сенім құжатын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар шара барысында Қазақстанға таяуда Вьетнам президентінің мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан Вьетнаммен арадағы саяси диалогты және сауда-инвестициялық байланысты кеңейтуге мүдделі. Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің ұзақмерзімді жан-жақты жол картасын әзірлеуге мүмкіндік береді деп санаймын. Оның сапары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің елордада өтетін алдағы саммитімен тұспа-тұс келеді деп үміттенеміз.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу