Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты. Дегенмен әлі ешқандай шешім қабылданбаған. Ол үшін ғалымдар киік санын реттеуге рұқсат беруі тиіс. Ал қазір жұмыс тобы бүкіл сұрақтарды қарастырып жатыр. Ведомство басшысының айтуынша, жануарлар биологиялық негіздемеде Қазақстанның барлық аумағына яғни Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларына таралады. Ал Батыс Қазақстан облысында киіктердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктерін бүлдіріп жатыр екен.
Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Қазір бионегіздеу аяқталады. Одан кейін киік санын реттеуге нақты лимит белгіленеді. Бұл реттеудің ішінде осы жануарларды ату да бар. Қайталап айтамын – бұл шешім тек биологиялық ғылыми негіздемеде қабылданады. Лимит қатаң түрде анықталады. Барлық мәселе жан-жақты қарастырылады. Тексерілген нақты шешім болады.