Маңғыстаудағы мұнай кен орнындарының бірінен өрт шығып, бір жұмысшы жан тапсырды. Оқиға Жаңаөзеннен 40 шақырым жердегі кеніште 15 маусымға қараған түні болған. Ұңғымамен жұмыс кезінде кенеттен көтергіш құрылғы тұтанған. Жалын 1 сағатта өшірілді. Өрт болған жерден 1977 жылы туған машинистің денесі табылды. Қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.