Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Ассамблеясының XX сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Ассамблеясының XX сессиясы өтті

15.06.2022

Жаңа Қазақстан – мықты азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет. Осындай атаумен Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан Ассамблеясы XX сессиясын өткізді. Референдумнан кейін өткізіліп отырған жиында Ата заңға енгізілген өзгерістер мен күтілетін нәтиженің жайы сөз болды. Сонымен бірге мемлекеттік тілді дамытуға, жастардың бойында патриоттық тәрбиені жетілдіру мәселелері талқыланды. Неміс ұлтының өкілі, филология ғылымдарының докторы Владимир Шнайдердің сөзінше, «Жаңа Қазақстанның» болашағын қазірден бастап ойлау керек. Ол үшін өскелең ұрпақ қазақ тілін меңгеріп, елдің тарихы мен мәдениетін таныту тиіс.

Владимир Шнайдер, филология ғылымдарының кандидаты, доцент:
Президентіміздің өзі айтқандай, егер болашаққа сенім болмаса, онда мемлекет бола алмаймыз. Сондықтан ең алдымен осы сенімді жастардың бойында қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілік, өзінің бар күш-жігерін тек отанына арнасын десек, ең алдымен тіл, мәдениет, әдебиет, тарихты ұштастыруымыз керек. Бұл жерде Ассамблеяның да орны маңызды.


Хабарламаларға жазылу